"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ағылшын тілінің жас педагогтарының аудандық семинары

21.09.2020

         2020  жылы   15.09 күні Ақкөл аудандық білім бөлімінде шетел тілдері бойынша жас мамандарға әдістемелік көмек семинары өткізілді.  Аудандық гуманитарлық пәндер әдіскері Ханша Ахтышхан және шетел тілдері бойынша аудандық әдістемелік бірлестік жетекшісі Алимбаева Людмила Жоржевна басқарып өткізді. Барап мектебінен Тургаева Фариза Маратовна, Еңбек орта мектебінен Зеленская Анастасия Андреевна,  Қуатбекова Данара Қуатовна, Кеңес орта мектебінен Бағдаулет Ақжол, Смаилова Айзада, Азат орта мектебінен Еслямова Жадыра Дүйсембекқызы қатысты.  Жастар қазіргі қашықтан оқыту кезеңіндегі қиыншылықтар туралы   өз ойларымен бөлісіп, тәжірибелі ұстаздардан әдістемелік көмек алды. Өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша пікірлерін ортаға салды. Әдіскер  Ханша Ахтышхан жас мамандарға аудандық білім бөлімінің гуманитарлық пәндер бойынша  жылдық жоспарымен  және тіл онкүндігі кезінде өткізілетін іс – шаралармен таныстырды. Ұстаздық жолда ақ жол тілеп,  кітаптар сыйлады. Жас мамандар  өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарға толығымен жауап алды және дарынды оқушылармен қалай жұмыс істеу керектігін, шығармашылық нәтиже көрсетеміз деп сенім білдірді. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті меңгерушісі Жаншүгірова Алмагүл Сайлаубаевна жас мамандарға қиыны мен қызығы қатар жүретін ұстаздық қызметте  тек қана үлкен жетістіктер жұмыстарынан табыс тілеп,  естелік фотоға түсті.

Просмотров: 446


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст