"Алтын қазына" көрме-конкурсы көп жылдан бері жаңа есімдерді, таланттарды ашып, дарынды, креативті және шығармашыл балаларға өз жұмыстарын көрермендердің үлкен аудиториясының алдына қоюға мүмкіндік береді. Көптеген қатысушылар үшін бұл шығармашылық Олимп жолындағы алғашқы қадам.
Жыл сайын Ақмола облысының Білім басқармасы "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесімен бірлесіп "Алтын қазына"көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-конкурсын өткізеді. 2020 жылдың 30 қыркүйегінде облыстық көрме-конкурс онлайн өтті; онда "Сакура" сәндік-қолданбалы өнер студиясының тәрбиеленушілері (студия жетекшісі Васильева Галина Владимировна) өз шығармашылықтарын көрсетті: Зуев Данил "әйнекті көркем өңдеу: витраж" номинациясын және Рымбек Замира "қағаздан бұйымдар жасау: квиллинг"номинациясын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша Зуев Данил өз номинациясында 1 дәрежелі лауреат атанды және одан әрі оның жұмыстары республикалық онлайн-көрме-конкурсқа жіберіледі, құттықтаймыз және тек жеңіс тілейміз!