"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жанындағы интернат жұмысының ұйымдастырылуы туралы

10.11.2020

Ақкөл ауданы бойынша шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдау ұйымдастырылған.  Ақкөл ауданы бойынша 5 білім беру ұйымына 10 елді мекеннен (№3 АОМ - іне– Барап, Рамадан, Амангелді, Радов, Ерназар елді мекенінен , «Родники» станциясынан – барлығы 20 бала;  Урюпин ОМ - Ерофеев елді мекенінен – 7 бала;  Искра ОМ - іне Минск елді мекенінен – 4 бала;  Барап НМ - іне –Красный Горняк елді мекенінен – 4 бала; Еңбек ОМ-іне Подлесный елді мекенінен – 2 бала) 37 бала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 650 бұйрығы №5 қосымшасы  "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына, Ақкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 06 ақпандағы №А – 2/29 «Ақкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» қаулысына сәйкес тасымалданады. Балаларды тасымалдау үшін заңнамаға сәйкес жабдықталған мектеп баланысындағы автобустар және келісімшарт бойынша жеткізуші тартылған.

Аудан бойынша 2 мектеп жанындағы интернат бар.

Урюпин орта мектебі жанындағы мектеп интернаты. Интернаттың

жобалық  қуаттылығы -  15 орын. Ақкөл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы  жұмыс істеуіне келісімімен  мектеп жанындағы интернат 1 тоқсаннан жұмыс істеп жатыр. Интернатта  Ерофеев елді мекенінен келген 7 бала бар.

Ж. Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебі жанындағы

интернат.Жобалық қуаттылығы  - 50 орын. Биылғы оқу жылы мектеп жанындағы интернатқа 6 елді мекеннен 20 бала келеді деп жоспарлануда. Ақкөл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мектеп жанындағы интернаттың  жұмыс істеуіне келісімін берді. Пандемияға байланысты мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілері қашықтықтан білім алып жатыр. Егер тәрбиеленушілердің ата – аналары мен заңды өкілдерінің тарапынан мектеп жанындағы интернатта тұруға өтініш келіп түскен жағдайдаинтернат  штаттық режимде өз жұмысын жалғастыратын болады

Просмотров: 1219


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст