Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі бәсекелестікке қабілетті болуы тиіс, барлық оқушылар осы процеске дайын болулары керек. Осы мақсатпен Қазақстан Республикасы орта білім беру бағдарламасы жасалған болатын.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру бойынша Ұлттық орталық» АҚ және «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ бірлесіп, жаңартылған мазмұндағы білім беру аясында еліміздің педагогтарының біліктілігін арттыру курстары жұмысын бастады және одан әрі жалғастырып келеді.
Ақкөл аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен «Өрлеу» біліктілікті арттыру бойынша Ұлттық орталық» АҚ және «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ курстарында педагогикалық қызметкерлердің жүйелі оқуы қамтамасыз етілген.
2019-2020 оқу жылының басында Ақкөл ауданы білім беру мекемелерінің үш жүзден астам педагогикалық қызметкерлері жаңартылған мазмұндағы білім беруді енгізу саласындағы курстық дайындықтан өтті.
Тек өткен оқу жылының өзінде курстық дайындықтан кейінгі қолдау ретінде аудандық деңгейде 40 семинар өткізілді.
Сонымен қатар курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында 2019 жылдың 9 желтоқсанында Ақмола облысының педагогикалық шеберлік орталығы филиалы білім беру бөлімінің аудандық әдістемелік кабинетімен бірге «Кеңес Одағының Батыры П.Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебі»ММ жетекші мектебі базасында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету бойынша семинар ұйымдастырды және өткізді.
Семинарға 109 педагогикалық қызметкер қатысты: директорлар, оқу ісі меңгерушілері, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, аудандық білім беру бөлімдерінің қызметкерлері. Семинардың мақсаты – жаңартылған мазмұндағы білім беру жағдайында мектеп басшыларының, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру.
Семинардың бағдарламасына сәйкес пленарлық отырыста аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Жаншүгірова А.С., Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушылары Рахимжанова Б.К., Жұрынтаева С.Б. сөз сөйледі.
Семинар кезінде ұйымдастырылған диалогтік алаңында ПШО филиалының жаттықтырушылары Рахимжанова Б.К. және Жұрынтаева С.Б. «Жиынтық бағалауды өткізу тәсілдері: тапсырма түрлері», «Мектептегі сабақты зерттеуді ұйымдастыру» тақырыптары бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
Одан әрі семинар мектеп әкімшіліктерімен «Фасилитация – проблеманы шешудің құралы» тақырыбында фасилитациялық сессияға көшті.
Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушылары фасилитацияның көмегі арқылы мектепті дамыту жоспары жұмысында басым міндеттерді анықтау мәселесі және қадамдық әрекеттерді жасау бойынша 2 сағаттық сессия өткізді. Семинарға қатысушылар оқытудың жоғары тиімділігін және кәсіпқой-жаттықтырушылардың дер кезінде әдістемелік қолдау көрсету мүмкіндіктерін атап өтті.
Кері байланыс парақтарында қатысушылар семинар оларға іс-тәжірибе бөлісуге мүмкіндік бергенін, табысты өткенін көрсетті.
Катима Ахметова, білім беру бөлімі