Ақкөл ауданы бойынша exam.net платформасы арқылы жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың аймақтық-мектепішілік (бірінші) кезеңі қашықтық форматта өтті. Олимпиаданың мақсаты: орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіптік бағдарлануы үшін оңтайлы жағдайлар жасау; оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен дағдыларды тереңдету; тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі дамытуына ықпал ету. Президенттік олимпиадаға 7 аудан мектептерінің 14 оқушысы қатысты. Президенттік олимпиаданың әр қатысушысы төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология.