2019 жылдың 10 желтоқсанында Көкшетау қаласында оқу-әдістемелік кабинетінің жоспары бойынша «Оқу-тәрбие процесі мен мұғалімнің кәсіби шеберлігінің тиімділігін көтеруге бағытталған ғылыми-әдістемелік қолдау» тақырыбында әдістемелік кеңестің кезекті мәжілісі өткізілді. Бұл мәжіліске оқу-әдістемелік кабинеті директоры, Ақмола облысы ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы, шығармашыл-дарынды балалармен жұмыс бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары, облыстық дене тәрбиесі, спорт және АӘТД әдістемелік орталығының директоры, білім бөлімдерінің аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, колледждердің, облыстық әдістеме кабинетінің әдіскерлері, жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдері, Көкшетау қаласындағы НЗМ «Педагогикалық өлшемдер орталығы» АҚ педагог қызметкерлерді аттестаттау бөлімінің аға менеджерлері қатысты. Мәжіліс барысында «Ақмола облысы педагогикалық қызметкерлерін аттестаттаудың өзекті мәселелері», «Бағалау бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жүйесі», «Мектепішілік бақылаудың өзекті мәселелері», «Сабақтан тыс кезде іздену қызметін ұйымдастыру технологиясы», «Үздік білім беру ұйымы», «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы материалдарының негізгі талаптары», «Педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау», «Үздік әдіскер», «Үздік мұғалім», «Дарынды балалармен жұмыстағы заманауи бағыттың өзекті мәселелері», «»Алғашқы әскери технологиялық дайындық» пәні бойынша құжаттарды жүргізудің маңызды мәселелері» тақырыптары қаралды. 2019-2020 оқу жылының одан әрі мақсаттары мен міндеттері белгіленді. Өткізілген іс-шарадан кейін марпаттау рәсімі өткізілді. Ақкөл ауданы «Үздік ресурстық орталық» облыстық конкурсына қатысқаны үшін Грамотамен марапатталды.
А.Жаншүгірова- Ақкөл аудандық білім бөлімінің аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі