2019 жылғы 14-15 ақпанда Астана қаласында орта білім беру саласында «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру – білім сапасын арттыру дың негізгі шарты» тақырыбында Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РОӘК) отырысы өтті. Бұл іс-шараға басшылар, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, аудандық және қалалық әдістеме кабинеттерінің әдіскерлері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының орталықтары қатысты. Ұйымдастырушылары ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті, ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы , «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана қ.Білім басқармасының білім беруді жаңғырту орталығы» болды. Ағымдағы жылдың маусымында қабылданатын «Педагог статусы туралы» Заң жобасындағы басты мәселелерге Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің бас сарапшысы Дүйсембаева Айман Тельмановна тоқталды. Осы семинардың барысында жаңартылған мазмұндағы бағдарлама бойынша 10 сыныптың көшуі, жалпы білім беретін мектептерде сабақты зерттеу, жаңа білім беру реформалары жағдайында мұғалімнің кәсіби дағдыларын қалыптастыру ортасын құру, білім беруді жаңғырту Орталығы жұмысы туралы мәселелер талқыланды. Семинарға қатысушылардың практикалық бөлімде назарын аудартқан басты мәселе: бұл табыстылық Кластері – білім беру ұйымының табысты дамуының басымды формасы. Білім беру нысандары көрсетілді. Семинарға қатысушылар «Интеллектуалды тәрбие», НЗМ менеджменті» «Lessonstudy», «Аккредитация», «Авторизация», «Пилоттық жоба» бағыттары бойынша Астана қаласы мектептерінің іс-тәжірибелерімен, балабақшалары қызметімен танысты. Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы негізінде «Педагогтардың зерттеушілік ойлауын дамыту» тақырыбында сессия өткізілді (Lessonstudy тәсілдерін енгізу арқылы)
А.Жаншүгірова- білім бөлімінің аудандық әдістеме кабинетінің меңгерушісі