Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңдарына,, Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мелекеттік бағдарламасына сәйкес, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында Ақмола облысының білім басқармасының «Облыстық оқу- әдістемелік кабинеті» КММ- сінің ұйымдастыруымен 2019 жылғы 24 қазан күні орыс тілінде оқытатын сыныптарға сабақ беретін «Үздік қазақ тілі» пәнінің мұғалімі» облыстық сырттай конкурсы өтті. Конкурс екі кезең бойынша өтті.
1 кезең- бейне сабақтың презентациясы
2 кезең- қатысушының портфолиосы.. Облыстық сырттай конкурста аудандық және қалалық білім ұйымдарынан 16 мұғалімің жұмыстары қаралды.
Біздің ауданнан ұсынылған № 2 Ақкөл орта мектебіінң қазақ тілі пәні мұғалімі Шугубаева Гүлжиян Байзоллақызы 3 жүлделі орынға ие болып, ақмола облысы білім басқармасының 3- дәрежелі дипломымен марапатталды. Әріптесімізге шығармашылық зор табыс тілей отырып, шын жүректен құттықтаймыз!
Ақкөл аудандық білім
бөлімінің әдіскері Ханша Ахтышханқызы