"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі

09.02.2018

Ақкөл ауданы білім беру мекемелерінде 2018 жылдың 2 ақпан мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану:«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында жоспарға сәйкес іс-шаралар, байқаулар мен ашық сабақтар өткізіліп жатыр. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік салтанатты түрде 2 ақпан күні барлық мектептерде ашық деп жарияланды.

Шараның басты мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік білім берудің жаңартылған

бағдарламасын оқыту-тәрбиелеу процесіне тиімді енгізу жұмысын белсенділендіру, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мұғалімдердің, жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету, білімдерін арттыру, рухани тұрғыда дамыту.

Мектеп кітапханашылары бастауыш сынып оқушыларын «Өзін-өзі тану» еліне саяхатқа» шақырды. Балаларға қызықты оқиғалар оқылып, махаббат, мейірімділік, адалдық жайында пікір таластырылды. Сонымен қатар аталған тақырыпта әдеби көрме ұйымдастырылды. Мектептің барлық балалары осы күні кітапхана қонағы болуға мүмкіншілік алды. Үлкен балалар кітапханада көрме тамашалап, өздерін қызықтырған әдебиетке жазылып, пікір таласуларға қатысса, кішкентай бүлдіршіндеріміз түрлі-түсті суреттерді тамашалап, өздері де сүйікті кейіпкерлерінің суретін салудан бас тартпады. Өзін

өзі тану  пәні адамның өз мүмкіндіктерін ашуға, өз қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Оқушылар өз өмірінің әр сәтін өзін-өзі тануға арнаса, өзін, өзгелерді және қоршаған ортаны сүйе білуге үйренеді. Олардың өмірге деген құштарлығы артады. Бастауыш сынып оқушылары "Мейірімділік жолымен" атты сурет байқауына қатысты. Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарында Отанына деген сүйіспеншілігін, Отанға деген құрметін, өздерінің жолдастырының арасындағы қарым-қатынасын, үлкенге деген құрметін, достарына деген адалдығын сурет арқылы жеткізе біледі.

 

Просмотров: 866


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст