"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының тілдерді дамыту бойынша жұмыс нәтижелілігі

07.01.2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  2017 жылы желтоқсанның 14 жұлдызында  Өрнек ОМ – де қазақ тілі мен  әдебиеті пәні бойынша  аудандық семинар өтті. Семинартақырыбы: «Дарынды оқушылармен жұмыс жасау жолдары және нәтижелілігі» .

Семинар  2  бөлімнен тұрды.  1- бөлімде практикалық сабақтар. Теориялық 2- бөлімде дөңгелек үстел, баяндамалар талқыланды. 1- бөлім бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Мухамеджанова Тәттігүл Назымбекқызы  5- сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ үйретсе, жас ұстаздар Мейрам Жанаргүл және  Н.Б.Дүйсенбаева «Тәуелсіздік бастауы-  желтоқсан» тақырыбында  тәрбие сағатын өткізіп, көптің көңілінен шықты. 2-бөлімде «Дарынды оқушылармен жұмыс жасау жолдары және нәтижелілігі»  тақырыбында іс тәжірибелер талқыға түсіп, аудан көлемінде  таратылды.  

         Азат ОМ –нің мұғалімі Төлеген Қуаныш «Дарынды  оқушылармен жұмыс жасау жолдары және нәтижелілігі»,  Минск ОМ – нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бодан Аскергүл «Дарынды балалармен жұмыстың тиімді жолдары және нәтижелері»,  Өрнек ОМ- нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  «Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі»,  Кеңес орта мектебінің мұғалімі  Әлеш Сабырәлі  «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс  жүргізу», Кирдищеав орта мектебі- баққшасының оқу ісінің меңгерушісі Айтмағамбетов Дархан Мүбаракұлы «Система работы с повышенной мотивации учебно- познавательной деятельности в условиях МКШ»,  Киров негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Усеинова Мирамгүл Кайырбекқызы «Дарынды балалармен жұмыс», Ж. Бектұров атындағы  № 3 АОМ – нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дорж Март «Дарынды оқушылармен  жұмыс жүргізу және оның нәтижелілігі» 

тақырыбында өз тәжірибелерін сарапқа салды.  Нәтижесінде Минск ОМ – нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Бодан Аскергүл  «Дарынды балалармен жұмыстың тиімді жолдары және нәтижелері»,  Өрнек ОМ- нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухамеджанова Тәттігіүл Назымбекқызы «Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі», Кирдищеав орта мектебінің  оқу ісінің меңгерушісі «Система работы с повышенной мотивации учебно- познавательной деятельности в условиях  МКШ», № 3 АОМ – нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дорж Март «Дарынды оқушылармен  жұмыс жүргізу және нәтижелілігі»  жұмыстары аудандық деңгейде  тәжірибе ретінде таратылуға шешім шығарылды. Комиссия мүшелері Азат ОМ – нің мұғалімі Төлеген Қуаныш «Дарынды оқушылармен жұмыс жасау жолдары және нәтижелілігі», Киров негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Дарынды балалармен жұмыс» және Кеңес орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлеш Сабырәлінің  «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс 

жүргізу» атты жұмыстары   мектеп деңгейінде таратылып, жұмыс арықарай  жалғасын тапсын деген бір пікірге келді.

          Теориялық бөлімнің  2- бөлігінде жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтардың талқылануы бойынша облыстық семинарға қатысып келген Ж. Бектұров атындағы   № 3АОМ – нің мұғалімі Валиева Алтын Махатқызы, «Сапалы білім- ел болашағы», Новорыбин ОМ – нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мекебай Әсемгүл «Жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтың  талдануы» тақырыптарында сөз алып,  өз ойларын және оқулық

авторларымен кездесудегі  жаңалықтарды талқыға салды. Мұғалімдер оқулықтағы кемшіліктерді  нақты дәлелдермен көрсетіп,  облыстық білім басқармасына ұсынысхат жолдады.

Просмотров: 434


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст