"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарих пәні мұғалімдерінің облыстық форумы

25.12.2017

  Көкшетау қаласында «Модернизация 3.0: тарихи сананы қалыптастыру негізі» тақырыбындағы тарих пәні мұғалімдерінің облыстық форумына Ақмола облысының өңірлерінен 250 тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында өтті.

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісов өз құттықтау сөзінде қоғамдық сананы

жаңғырту саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын жүзеге асыру ісіне әрбір

тарихшы, әрбір гуманитарлық саланың өкілі өзінің нақты үлесін тигізеді.

Педагогтардың бірлескен жұмысының нәтижесінде рухани құндылықтарды, төл

мәдениетті және жалпы ұлттық сана-сезімді сақтап және көбейте алатындығымызды

айтты.

Форум жұмысына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Л. Гумилева атындағы Еуразия

ұлттық университетінің, ҚР БҒМ Ғылым комитетіне қарасты мемлекет тарихы

институтының, Ш.Уалиханов атындағы КМУ-нің профессорлары, «Өрлеу» ҰБАО» АҚ

филиалының өкілдері, білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, Ақмола

облысы мектептерінің басшылары мен тарих пәні мұғалімдері қатысты.

Форум барысында Ақмола облысының өлкетану аспектілерін зерттеу бойынша жүйелі баяндалған

материалдар қамтылған, оқулық жасауға бағытталған «Өлкетанудың өңірлік оқулығы»

жобасы бойынша облыста жұмыстар жүргізіліп жатқандығы мәлім болды.

   Кітап Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 5-7 сынып оқушыларына арналған. Басылымда облыстың мінажат орындары мен табиғи байлықтары туралы ақпарат, орта буын оқушылары үшін барынша иллюстрацияланған және ақпараттық материалдары бар. 2018 жылы өлкетану оқулығы облыстың жалпы білім беретін мектептердің оқу процесіне енгізілетін болады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Археология мен арнайы дала өркениеті институтының директоры, археология институты Виктор Зейберт: «Бүгінгі білім және ғылым өкілдерінің форумы тарихи сананы әзірлеу мен жетілдіруге арналған. Заманауилылық пен планеталық даму адамдарды перспективаларға қарай екпінмен әкеле жатыр, бірақ, сол уақытта азаматтарды тәрбиелеу, адамдардың тарихты түсіну мәселелері орын алады».

 

Просмотров: 444


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст