"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының «Білім беру ұйымдарының ең үздік интернет – ресурсы» конкурсын өткізу жөнінде Ереже

21.11.2017

Ақмола облысы

білім басқармасының

2017 жылғы  13  қазандағы

№ 316 бұйрығына

3-қосымша

 

Ақмола облысының «Білім беру ұйымдарының ең үздік интернет – ресурсы» 

конкурсын өткізу жөнінде

Ереже   

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже облыстық білім беру желісі, Конкурсқа қатысушылардың интернет-ресурстарға талаптары, сараптама бағаларының критерийлері мен жүйелері шегінде әрекет ететін Ақмола облысы білім беру ұйымдарының үздік интернет-ресурсына конкурс (бұлан әрі - Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.   

1.2. Конкурсты ұйымдастырушы — Ақмола облысының білім басқармасы. Конкурсты өткізудің мақсаты: 1) Білім беру саласы мен қоғамы диалогының ақпараттық-коммуникациялық құралдарын дамыту; 2) білім беру сапасын бағалау жүйесін технологиялық ілесуін қамтамасыз ету.

1.3. Конкурстың міндеттері:

-        білім беру ұйымдарының ақпараттық ашықтығын ынталандыру;

-        білім беру үдерісінің тікелей және жанама қатысушылары арасында ақпараттық алмасу мәдениетін арттыру;

-       ұйымдардың интернет-ресурсқа жариялау үшін мақалалар мен жаңалық ақпаратын дайындау бойынша, сонымен қатар облыстық білім беру желісі аясында қашықтық мониторинг жүйесінде жұмыс істеу бойынша білім беру жүйесі қызметкерлерін итермелеу.

Конкурстың мәні — облыстық білім беру желісі шегінде білім беру ұйымдарының  интернет-ресурсы.

1.4. Конкурс алты номинация бойынша жүргізіледі:

-        Білім беру ведомствосының, білім беруді басқару құрылымының үздік интернет-ресурсы;

-        Жалпы білім беретін мектептің үздік интернет-ресурсы;

-        Шағын жинақталған жалпы білім беретін мектептерінің үздік интернет-ресурсы;

-        Мектепке дейінгі білім беру ұйымының үздік интернет-ресурсы; 

-        ТжКБ ұйымының (кәсіптік лицейлер мен колледждер) үздік интернет-ресурсы;

-        Қосымша білім беру ұйымының үздік интернет-ресурсы. 

1.5. Конкурсқа меншік түріне қарамастан білім беру ведомстволары, облыстық білім беруді басқару құрылымдары және білім бөлімдері, мектепке дейінгі, жалпы орта (оның ішінде арнайы және мамандандырылған), қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатыса алады. 

2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі 

2.1. Конкурс өткізу үшін ұйымдастыру комитеті мен сараптама комиссиясы құрылады. 

2.2. Ұйымдастыру комитеті мен сараптама комиссиясының құрамы Ақмола облысы білім басқармасының

бұйрығымен бекітіледі. 

2.3.  Ұйымдастыру комитеті:

-  Конкурс өткізу туралы білім беру жүйесін ақпараттандыруды қамтамасыз етеді; 

- Жалпы алғанда Конкурсты өткізуге және оның барлық кезеңдерін уақытылы аяқталуына жауап береді; 

-  Сараптама комиссиясына білім беру ұйымдарынан Конкурсқа қатысуға өтінім бергені үшін, сараптамалардан Конкурс нәтижелерін қабылдауға жауап береді; 

-  Конкурс нәтижелерін, жеңімпаздарды жариялайды және  Ақмола облысының білім басқармасын қорытындылары жөнінде ақпараттандыруды жүзеге асырады. 

2.4. Сараптама комиссиясы:

- Сараптама бағаларына сәйкес білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарына сараптама жүргізеді; 

- Ұйымдастыру комитетіне Конкурс нәтижелерін ұсынады. 

2.5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімдері, конкурстық материалдарға сараптама жүргізу және қорытындыларын шығару Ақмола облысы білім басқармасының қосымша бұйрығымен жарияланады. 

2.6. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін берілген өтінімдер қарастырылмайды. 

3. Конкурс материалдарының мазмұнына қойылатын талаптар   

3.1. Білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне өтінім береді (1-қосымша).

3.2. Өтінім қазақ және орыс тілдерінде бір данадан қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылуы қажет  (гарнитурасы - TimesNewRoman, қаріп мөлшері - 12).

3.3. Қағаз және электрондық даналарда өтініш берушінің қолы болуы керек (білім беру ұйымдарының басшысы). Осы себепті электрондық тасығыштағы өтінімді сканерленген қағаз тасығышта ұсынады. 

3.4. Конкурстық материал:

-         Білім беру ұйымының Конкурсқа қатысуға өтінімі; 

-         Білім беру ұйымының интернет-ресурсы болып табылады. 

3.5. Білім беру ұйымы интернет-ресурсының мазмұны «Ақмола облысы Интернет-ресурсының мазмұны туралы» (Ақмола облысы білім департаментінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 165 бұйрығымен бекітілген) және «Облыстық білім беру желісі туралы» (Ақмола облысы білім басқармасының 2010 жылғы 07 қыркүйектегі № 337 бұйрығымен бекітілген), «Интернет –қорларының мазмұны туралы ережені бекіту туралы» (Ақмола облысы білім басқармасының 2015 жылғы 28 тамыздағы №233 бұйрығымен бекітілген) Ережелерінің талаптарына сәйкес келуі қажет. 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер:  020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев к., 1, 113 кеңсе, Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ -ына конвертте: «Білім беру ұйымдарының ең үздік интернет -ресурсы»  конкурсына  белгісімен қабылданады.

4.    Сараптама комиссиясының жұмыс тәртібі  

4.1. Сараптама комиссиясының төрағасы Комиссия мүшелерінің арасында конкурс материалдарын бөледі. Әр конкурстық материалды үш сарапшы бағалайды.

4.2. Білім беру ұйымының интернет-ресурсы қызметін бағалау осы ережені бекіткен күннен бастап және сараптама бағалары жүйесінің негізінде белгіленген критерий бойынша бағалау жүргізу сәтінен жүзеге асырылады.  (2-қосымша).

4.3. Конкурс материалдарын зерттеу қорытындылары бойынша комиссия мүшелері бағалау парақтарын толтырады. 

4.4. Әр конкурсқа қатысушылар бойынша қорытынды балдар сарапшылардың үш бағалау парақтары бойынша балдарды қосу арқылы анықталады.  

5. Конкурс қорытындыларын шығару  

5.1. Конкурстың жеңімпаздары интернет-ресурстардың сараптама бағалау қорытынды нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған Ақмола облысы білім беру жүйесінің білім беру ұйымдары болып есептеледі. 

5.2. Конкурстың жеңімпаздарына әр номинация бойынша құрмет дипломдары мен құнды сыйлықтар

беріледі. 

6. Конкурсты ақпараттық, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және консультациялық көмек көрсету 

6.1. Конкурстың барысы және нәтижелері жөнінде ақпарат Ақмола облысы білім басқармасының (akmoedu.kz)  сайтында орналастырылады. 

6.2. Конкурсты ұйымдастыру ілеспе, қатысушыларға әдістемелік және консультациялық көмек Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ жүзеге асырылады. 

Просмотров: 566

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст