2017 жылы 3 қазан күні аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Наумов орта мектебінде «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты 7 –сынып оқушылары арасында аудандық сайыс өтті. Сайысқа 11 мектептен 11
оқушы қатысты. Олар: Бондаренко Александра, Девятко Екатерина, Каибова Мария, Куницына Дарья, Богдан Анжела, Бернюкевич Маргарита, Миллер Светлана, Роик Николь, Кирилова Анжелика, Тинькова Янина,
Громова Камила. Сайыс өте тартысты түрде өтті. Мұғалімдер үкілеген үмітпен оқушыларын сайысқа жақсы дайындықпен әкелген.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды.
1-кезең
«Кім жүйрік?» Сұрақ – жауап әдісі
2-кезең «Ребус шешу» (мақал-мәтелге байланысты ребустар)
3-кезең «Тапқырлық» Үш тілде сөздерді аудару(қазақша-орысша-ағылшын тілінде немесе орысша-қазақша-ағылшынша)
4-кезең «Шешуін тап» (жұмбақ шешу сайысы)
5 –кезең «Алтын жұмбақ» (Бұл сайыста салт-дәстүрге қатысты тапсырма. анықтаманың қандай салт- дәстүрге жататынын айтады.)
Осы сайыстың қорытындысы бойынша Кирдищев орта мектебінің оқушысы Кирилова Анжелика - 18ұпаймен 1- орын, №2 Ақкөл орта мектебінің оқушысы Богдан Анжела және №1 Ақкөл орта мектебінің оқушысы Тинькова
Янина тең 17 ұпаймен 2-орын иеленсе, 3-орын Наумов орта мектебінің оқушысы Громова Камилаға бұйырды. Өзге оқушылар қатысқандары үшін мадақтамамен марапатталды. Мектеп директоры Антонова Галина Ивановна, қазақ тілінің мұғалімдері Басымова Гүлжаухар, Сипульдина Жазира, Тілейхан Катилалар сайысты өткізуге жақсы атсалысты. Киров негізгі мектебінің директоры Таханова Райхан Мықтыбайқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ханша Ақтышханқызы, Виноградов негізгі мектебінің директоры Шурманова Гүлнәр Ахметжанқызы
әділқазылар алқасы болып тағайындалды.
1- орын иеленген Кирдищев орта мектебінің 7- сынып оқушысы Кирилова Анжелика облыстық сайысқа жолдама
алды.