Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат. Тіл –
қоғамның жемісі. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл
байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы.
Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесіне орай онкүндік аудан әкімінің бекіткен жұмыс жоспары, облыстық білім басқармасы басшысының бекіткен жұмыс жоспары және Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Мысырәлімованың онкүндік өткізу жөніндегі жоспары негізінде 2017 жылғы 6 қыркүйектен 15 қыркүйек аралығында өткізіліп, соңы тілдер фестиваліне ұласты.
Ақкөл ауданында 27 мектеп бар. Оның 7-уі қазақ мектебі, 9 - ы аралас, 11-і орыс мектебі. Аудан мектептерінде тіл күндігі қыркүйек және наурыз айларында 2 рет дәстүрлі түрде өткізіледі. Аудан көлемінде қазақ сыныптарда басқа ұлттың 66 оқушысы қазақ тілінде білім алуда.
Онкүндік барысында әр түрлі іс- шаралар мемлекеттік тілде өткізілумен қатар мемлекеттік тілдің қолданылу аясын
кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тіл - өркениеттің белгісі» тақырыбында іс – шара жоспарланып өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, тілдің қолдану аясын
кеңейту, тіл мәдениетін көтеру.
Оқушылардың дарындылығын дамыту мақсатында әр түрлі шығарма сайыстарын, әдеби оқулар, дебаттар, ақындар мүшәйрасы, сайыстар ұйымдастырумен қатар облыс деңгейіндегі сайыстарға оқушылар қатысты.
6 қыркүйек күні апталыққа арналған «Ана –тілім ардағым» атты тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты концерттік
бағдарламамен барлық білім ұйымдарында мектептерде, балабақшаларда басталды. Онда барлық оқушылар өнерлері мен білімдерін ортаға салып, көрерменнің көңілінен шықты. Концерттік бағдарламаны қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімдері ұйымдастырды. Мектеп кітапханашылары «Тіл-ұлттың
жаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдері «Мемлекеттік тіл-менің
тілім» атты ашық тәрбие сағатын 5-6 сынып оқушыларымен өткізді. Ашық тәрбие сағатында оқушылар 4 кезеңнен тұратын сайыс сабағына қатысты. Түрлі сөзжұмбақтар, мақал-мәтелдер және өлең шумақтарын тауып,
белсенділік танытты. Бұл апталықта ағылшын тілі мұғалімдері «Ана тілім- асыл мұрам» және «Үштілділік -заман талабы» атты ашық тәрбие сағаттарын ата – аналармен бірге ұйымдастырды. Оқушылар топпен жұмыс
жасап, түрлі жаңа әдіс тәсілдерді қолданып, оқушыларды қызықтыра білді. Ағылшын тілі мұғалімдері № 3 АОМ- і
базасында «Англия еліне саяхат» аттысеминар сабақ өткізді. Оқушылар қызықты тапсырмаларды үш тілде орындап, белсенділік танытып, білімдерін ортаға салды. Бастауыш сынып оқушылары да тыс қалған жоқ. Олар «Абай, Шәкәрім, Мұқағали» атты өлеңдер сайысын Кеңес ОМ- і базасында ұйымдастырды. 4-сынып оқушылары Нұрланбек Ажар, Жарқын Алау, 3-сынып оқушылары Болатбек Алғыс, Жаналин Арыстан осы сайыста бар
ықыластарын салып, мәнерлеп жатқа айтты. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері «Язык- живая душа
народа» атты тәрбие сағатын өткізді. Оқушылары белсене қатысып, әр алуан тапсырмаларды орындатып, білімдерін көрсете алды. Пән мұғалімдері берген сыныптарында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың өздігінен жұмыс жүргізе білуіне көңіл бөліп, ізденімпаздық қабілетін оята білді. Оқушылардың сабаққа
қызығушылығын арттырып, инновациялық әдіс-тәсіл арқылы түрлендіріріп отырды. Жоғарғы сынып және бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен өткен «Ана тілім-ардағым» деп аталатын мерекелік кеш апталықтың қорытындысы түрінде өтті.
13 қыркүйек күні «Ана тілі аруы-2017» сайысы аудандық мәдениет үйінде өткізіліп, Өрнек ОМ – нің 11- сынып оқушысы Каукенова Альмира «Ана тілі- аруы» сайысында 1- орын иеленді. (мұғалімі Мухамежжанова Т. Н.) Кирдищев орта мектебінің 8- сынып оқушысы Ерсолтан Сұлушаш 2- орын иеленді. (мұғалімі Танхай С.) № 3 Ақкөл орта мектебінің 9- сынып оқушысы Бегімбаева Ботагөз 3- орынға ие болды. (мұғалімі Отарбаева Ж. Т.).
14 қыркүйек күні балабақша бүлдіршіндері арасында аудандық «Балғын шақ» байқауы өтті.Байқауға аудандағы балабақшалар мен шағын орталықтардан бүлдіршіндер қатысты. «Тіл маржаны» - Белоусова Полина, «Өнерлі қыз»
- Дудля Анастасия, «Көрермен көзайымы» - Бобовская Полина, «Сөз мергені» - Ширман Эльвира, «Талантты бала» - Патай Артём, «Шешен тіл» - Борзенков Илья, «Ерке қыз» - Дурягина Ульяна номинациялары бойынша мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды.
Онкүндік барысында «Қазақстан бақытымның ордасы» сайысы
Краснобор негізгі мектебінде өткізіліп, Мичурин негізгі мектебінің оқушысы Онучко Олеся топ жарып, 2017 жылы 22 қыркүйек күні өтілетін облыстық сайысқа жолдама алды. Ал 2- орынды № 2 АОМ – нің 8- сынып оқушысы Поголовкин Даниил 1- орын, № 4 Ақкөл орта мектебінің 10- сынып оқушысы Социховский Владислав 2- орын, Новорыбин орта мектебінің 10- сынып оқушысы Фомина Марина Бондаренко Евгениялар 3- орынға лайық деп танылды. Сондай – ақ, «Тіл- халық жанын танудың кілті» сайысында № 2 Ақкөл орта
мектебінің оқушылары 1- орын, № 1 Ақкөл орта мектебінің оқушылары командалық есеппен 2- орын иеленді.
Аудандық мәдениет үйінде «Сегіз қырлы , бір сырлы» аудандық жігіттер сайысында Еңбек ОМ – нің қазақ тілі пәні мұғалімі Дүйсенбаев Еркебұлан Жетпісбекұлы 1- орын, № 3 АОМ – нің 9- сынып оқушысы Назиев Алишер 2- орын иеленді. (мұғалімі Дорж Март) 1- орын иеленген Дүйсенбаев Еркебұлан Жетпісбекұлы Көкшетауда өтетін сайысқа қатысуға жолдама алды.
Қыркүйек айында Ақкөл қаласындағы мәдениет үйінде өткен «Тілім менің айбарым» атты аудандық мүшәйра сайысында Кеңес орта мектебінің 11- сынып оқушысы Жарқынбек Бағыдат 1- орын иеленіп, бағалы сыйлық фотокартинамен марапатталды.
Апталық барысында аудандық білім бөлімі базасында «Жаңартылған бағдарлама негізінде мемлекеттік
тілді дамытудың тиімді жолдары» атты семинар- дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ауданымыздың 20 мектебінен
қазақ тілі орыс сыныптарының ұстаздары қатысып, келелі ой – пікірлермен ой бөлісті.
Тіл онкүндігі барысында «Мемлекеттік тіл –менің тілім», «Тіл- халық жанын танудың кілті», «Қазақстан - бақытымның ордасы!», бүлдіршіндер арасында «Балғын шақ» сайысы, «Үш тұғырлы тіл- мемлекет саясаты», «Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт» сайыстары өткізіліп қорытындыланды. Осы сайыстарға
мектеп оқушылары қатысып, мақтау қағаздарымен мадақталды.
Аудан мектептеріарасында ақындар мүшәйрасы өтіліп, 10 мектептен дарынды ақындар қатысты. 1- орынды Кеңес орта мектебінің 11- сынып оқушысы Жарқынбек Бағыдат, 2- орынды Азат орта мектебінің оқушысы
Тұрсынхан Айдана, 3- орынды Азат орта мектебінің 11- сынып оқушысы Саяхат Аманжан иеленді. Ынталандыру сыйлығына № 3 орта мектебінің 7- сынып оқушысы Батырбек Арман ие болды.
Аудандық мәдениет үйінде 2017 жылы 16 қыркүйек күні өткізілген тілдер фестиваліне 5 мектеп қатысты. Ең жоғары нәтиже көрсеткен Петр Исаков атындағы № 1 ОМ-і ингуш, № 2 АОМ- і қазақ, Жайық Бектұров атындағы № 3 АОМ -і татар, № 4 АОМ -і украин ұлтын және Горький атындағы ОМ – і неміс ұлтын насихаттады. Горький атындағы ОМ ұжымы аудандық білім бөлімінің атынан қатысып, неміс ұлтының салт –дәстүрі мен ұлттық тағамдары жөнінде кең мәлімет берді. Аудандағы барлық білім ұйымдары мен білім мекемелерінің гуманитарлық пәндер бойынша ұстаздары мен іс жүргізушілері қатысты. Қазақ, орыс, ингуш, неміс, украин, белорус ұлттарының салт- дәстүрі мен аспазшылық өнері дәріптеліп, мектеп оқушыларының өнерлері сарапқа салынды. «Ақкөл өмірі» газетінің редакторы Қ.Нұрсадықовтың ұйымдастырған аудандық «Тіл жанашырлары» клубының мәжілісіне қала мектептерінен 15 мұғалім және ауыл мектептерінен Барап, Киров НМ – нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып, келелі ойлармен бөлісті.
Латын графикасы
«Туған жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандағы барлық мектептерде «Латын графикасына көшудің маңызы» атты іс- шара өткізілді. Латын әліпбиінің маңызы жөнінде мәселе талқыланып, қызу пікір таласқа ұласты. Латын графикасына көшу туралы ата – аналар мен ұстаздар, қызметкерлер арасында қоғамдық талқылау жүріліп, олардың пікірлері хаттамаға тіркелді.
Үштілділік бағдарламасы бойынша
2016 -2017 оқу жылынан бастап Петр Исаков атындағы № 1 АОМ – і «Үштілділік» жобасы бойынша пилоттық мектеп ретінде танылып, өткен жылы химия пәні 10:11 сыныптарда химия пәні мұғалімі Мейрам Жанаргүлдің басқаруымен жүзеге асса, биылғы оқу жылында 8 «А» 8 «Б» сыныптарда биология пәні бойынша (53 оқушы) Струминская Елена Владимировнаның басқаруымен жүзеге асып отыр. «Астана – кітап» баспасына 53 оқушыға оқулыққа тапсырыс берілді. Мұғалім үштілділік бойынша 2016 жылы Көкшетау қаласында арнайы курстан өтті.
Қазақ тілі – өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени
дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы. Апталықтың барысында гуманитарлық пәндердің барлық мұғалімдері өз шеберліктерін көрсетіп, жоспарланған іс-шара өз деңгейінде өтті.
Қазақтың біртуар ақыны М. Жұмабаев «Ұлттың тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы- әрбір ұлттың мақтанышы, әр азамат өзінің ана тілін көзінің қарашығындай сақтауы керек.