"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беру кеңістігін құру» атты аймақтық облыстық семинар

04.07.2017

23 маусым 2017 жыл  «Арайлым» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беру кеңістігін құру» аймақтық облыстық семинар өтті. Семинарға  Ақмола облысында инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты Ибраев Марат Өмірбайұлы , Ақмола инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері , Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің мамандары, инклюзивті білім беруді дамыту мен мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мәселері бойынша Степногорск қ. , Ақкөл, Бурабай, Бұланды, Еңбекшілдер аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері  шақырылды . Семинардың мақсаты мен міндеті балалардың жеке тұлға болып қалыптасуына септігін тигізетін мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бейімдеу және түзету-дамытушылық орта құруға үлес қосу.        

–МДҰ басшыларына жоспары және жүйелі жұмыс құра отырып , түзету-дамытушылық ортаны енгізу қажеттілігін актуалдандыру;                                                               

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі инклюзивтік тәжірибелерді енгізу бойынша Степногорск қ.,Ақкөл, Бурабай, Бұланды, Еңбекшілдер аудандарының жұмыс тәжірибесін жинақтау. 

Семинар барысында іс-шаралар және ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттері өткізілді.    Біздің балабақша тәрбиеленушілері

іс-шараларға қатысты және ән шырқап , тақпақтарын айтып қонақтардың көңілдерінен шығуға тырысты. 

Просмотров: 678


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст