«Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында тарих сабағында оқушыларды патриотизм мен адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбында Новорыбин орта мектебінде 2019 жылдың 12 наурыз күні семинары-практикумы өтті.
Семинардың басты мақсаты тарих мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру және жүйелеу, тәжірибе алмасу арқылы оқушыларды тарих сабағында патриотизммен адамгершілікке тәрбиелеу арқылы жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу,шығармашылық логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу, өз нәтижелерін бағалай білу;
Семинар жұмысына қатысуға осы тақырып бойынша ауданымыздың барлық білім беру мекемелерінен тарих пәні мұғалімдері шақырылды.
Семинар барысында аталған тақырыпта теориялық-методологиялық баяндамалары мен дәрістері, тренингтер, шеберлік-сыныптарын өткізді.
Семинар барысында дүниежүзі тарихы пәнінен 6 «Б» сыныпта
«Как Великие географические открытия изменили мир» тақырыбында
Шульга Т.Ю, Қазақстан тарихы пәнінен 6/8 «А» сыныпта «Қазақ халқының қалыптасу үрдісінің аяқталуы» тақырыбында Капқызы Акмарал, Қазақстан тарихы пәнінен 5 «Б» сыныпта «Каким было искусство Древней Греции» тақырыбында тарих пәні мұғалімі Чечерина Т.Т сабақтары жоғары деңгейде өткізді. Сонымен қатар 9-10 сыныптар арасында Капқызы Ақмарал «Тарих ғасырлар куәсі» сыныптан тыс жұмысын жоғары деңгейде өткізді. Еңбек орта мектебінің тарих пәні мұғалімі өз аулының тарихын зерттеу барысында өз мектебіндегі мұражай жұмысын жандандыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәлімет беріп,өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Оқушыларды жұппен, топпен жұмыстандыру арқылы ұйымдастырылған сабақтар, оқушылардың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады, олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудыру, басқа адамның ойымен де есептесу қажет екенін де түсіндіреді, уақыт үнемделеді. Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруға пән мұғалімдері өз үлестерін қосуда.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай.