"Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі"   мемлекеттік мекемесі  
Государственное учреждение "Отдел образования по Аккольскому району     управления образования Акмолинской области"

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар

19.10.2017

 

     «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу кабинетін безендіру пәндік кабинеттер жұмысының мазмұны, оларды безендіру мен жабдықтауға қойылатын жалпы әдістемелік нұсқаулар негізінде жүзеге асырылады.  «Өзін-өзі тану» пәніне арналған кабинеттің болуы және оның жабдықталуы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу-танымдық әрекетті ұйымдастырудың сапасы мен нәтижелілігіне айтарлықтай әсер етеді.

     «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу кабинеті – жалпы рухани-адамгершілік білім беруді, атап айтқанда пәннің бағдарламасын іске асырудың құралы  болып табылатын, сонымен қатар білім беру жүйесінің сабақтарды ұйымдастыруға қолайлы да ыңғайлы жағдайларды қамтамасыз ететін оқу-тәрбиелік бөлімшесі. Бұл жағдайлар:

·  оқу материалын эмоционалдық-құндылық қабылдауды қалыптастыруға;

·   тұлғааралық позитивтік қарым-қатынасты қалыптастыруға;

·   ойлау әрекетін белсендіруге;

·  оқу сабақтарының дәстүрлі емес түрлерін ұйымдастыруға;

·   оқытудың мульти-аудио-бейнеқұралдарын, жабдықтарды және дидактикалық материалдарды  кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі тану оқу кабинетіне қойылатын жалпы талаптар

· Сабақ жүргізілетін ортаға балалармен қатар мұғалімдердің де жұмысқа қабілеті мен эмоционалдық

көңіл күйін көтеретін эстетиканың, көркем дизайнның элементтерін енгізу арқылықолайлы психологиялық қалыпты жағдай жасау.

·       Гүлдермен бөлме өсімдіктерінің болуы.

·       Терезелерде перде немесе жалюздердің,  еденде кілем немесе паластың болуы.

·       Кабинетті эргономикалық, физиологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық талаптарға сәйкес келетін жиһазбен жабдықтау.

·       Кабинетті оқытудың мульти-аудио-бейнеқұралдарымен, оқу-анықтамалық әдебиеттермен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

·       Мектепкедейінгі ұйымдар мен бастауыш мектепте сабақтар үшін балалар ойыншықтарының болуы.

 

1.    Өзін-өзі тану кабинетіне қойылатын санитарлық-гигиеналықжәне эстетикалық талаптар

Өзін-өзі тану кабинеті:

·         көлемі  36 шаршы метрден кем болмай  және 10-15оқушы емін-еркін сыятындай болуытиіс;

·         кабинет 2-3 функционалдық зонаға, мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орнына  бөлінуі тиіс (белсенді жұмыс және сенімді қарым-қатынас жасау аумағы, сондай-ақ жобалық шығармашылық жұмыстарды орындау аумағы);

·         заманауисанитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес болуы керек  (жарық, жылу, желдеткіш, оқушылардың жасынасәйкес келетін жиһаз);

·         нақты түстердің үйлесіміне және дизайнына (көркем безендірілуіне) сәйкес болуы тиіс.

2. Өзін-өзі тану кабинетін безендіруге қойылатын талаптар

2.1.  Өзін-өзі тану кабинетін безендіру үшін  мыналар болуы тиіс:

2.1.1. Рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы С.А.Назарбаеваның қоғамдық  қызметін баяндайтын стенд;

2.1.2. Қабырғаларда – балалардың суреттері немесе туған өлке табиғатының көріністері;

2.1.3. Балалардың өзін-өзі тану сабақтарындағы іс-әрекетін бейнелейтін суреттер, туған күн иелерін құттықтаулар үшін сынып бұрышы.

2.2. Өзін-өзі тану кабинетінің қабырғаларын оқушылардың  жас ерекшеліктеріне және пән бойынша

тақырыптық-оқу жоспарының  бөлімдеріне сәйкес тақырыптық  безендіру қажет:

2.2.1. Мектеп жасына дейінгі және мектепалды топтары үшін «Өзін-өзі тану» пәнінің  мазмұны суреттерде, стенділер мен панноларда бейнеленуі тиіс;

2.2.2. Бастауыш сынып оқушылары үшін сонымен қатар балалардың шығармашылық жұмыстарын бейнелейтін  паннолар  және стенділер болуы керек;

2.2.3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру контексінде ата-аналармен жұмысты көрсететін  жеке стенд қажет;

2.3. Кабинетте міндетті түрде:

2.3.1. Оқушылардың жұмыс істеуі және олардың шығармашылық жұмыстарын көрсетуге арналған тақталар, флипчаткалар мен магнитұстағыштар;

2.3.2. Белсенді жұмыс аумағында 4-6 адам үшін дөңгелек немесе ұзынша  келген үстелдер;

2.3.3. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін  жеңіл пластмасса орындықтар;

2.3.4. Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер үшін жартылай жұмсақ кеңсе орындықтары;

2.3.5. Рухани-адамгершілік білім беру бойынша кітапхана қорын, шығармашылық жұмыстарды, дидактикалық және әдістемелік материалдарды, аудио және бейнематериалдарды,  кеңсе бұйымдарын сақтау үшін шкафтар немесе стеллаждар;

2.3.6. Музыка орталығы, бейнемагнитофон және бейнепроектор, компьютер, сандық фотоаппарат мүмкіндігінше болуы қажет.

2.4. Түстерді қолданғанда олардың негізінен ашық және жылы, ашық-сары, ашық – бозғылт болуын ескеру керек.

3.     Өзін-өзі тану кабинетінің оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар

3.1. Кабинеттің оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі үшін:

·       нормативтік-құқықтық құжаттар (ҚР БжҒМ бұйрықтары, пәннің білім беру стандарты, тақырыптық жоспарлар);

·        көрнекі құралдар (карталар, плакаттар, портреттер, картиналар, т.б.);

·        рухани-адамгершілік білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқу-әдістемелік кешендер;

·        сабақ  өңдеулерінің папкалары;

·       үлестірме дидактикалық материалдар;

·       диагностиканың нәтижелері бойынша аналитикалық есептер;

·       ғылыми семинарлар, конференциялар  және  рухани-адамгершілік білім беруді дамыту бойынша озат тәжірибе материалдары;

·       бейне-және аудиокассеталар, компьютер дискілері және дискеталар;

·       рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі және әдістемелік әдебиеттің болуы және жүйеленуі тиіс.

 

3.2. Кабинетте сабақ өткізу үшін өзін-өзі тану кабинетін пайдалану  кестесі болуы қажет:

·       оқу кабинетінің жұмыс кестесі;

·       жеке өткізілетін сабақтар, консультациялар, т.б. кестесі.

3.3. Төмендегі құжаттардың болуы маңызды:

·       кабинеттегі  жабдықтар, әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар т.б. көрсетілген кабинет төлқұжаты;

·       кабинетте жұмыс істеу қауіпсіздігі техникасының ережелері;

·       әдістемелік бірлестіктің өзін-өзі тану кабинетінің нақты оқу жылына даярлығы жөніндегі шешімдерінің хаттамалары.

4.Кабинет қызметін бағалау:

·       Өзін-өзі тану кабинеті басқа пәндер кабинеттерімен бірге кабинеттер байқауына қатысады (білім беру ұйымының жоспарына сәйкес);

·       Байқау нәтижелері бойынша қорытынды шығарылып, үздік кабинеттер анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 2768


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст